Жаңақорған – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңақорған» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3401
Қаратаудың бөктерінде
Қанат жайған көкке өріле,
Жадыратып көңілдерді,
Жалындатып өмірлерді,
Жарасымды қала болған,
Жаңақорған, Жаңақорған!
Ерте күннен аты мәлім,
Аңыз толы атырабың.
Қасиетті топырағың,
Сығанақ пен Отырарың –
Қалған белгі бабалардан,
Жаңақорған, Жаңақорған!
Ақ маржандай күріші бар,
Шалқып-тасқан ырысы бар,
Қойны толы кендері бар,
Мал қаптаған белдері бар,
Жайлауына жаңа қонған,
Жаңақорған, Жаңақорған!
Алдыңа кеп бас иетін,
Керемет-ау қасиетің:
Қара батпақ құйқасы нәр,
Көліңнің зор шипасы бар.
Дертті жанға пана болған,
Жаңақорған, Жаңақорған!
Қуат беріп кеселдіге,
Тік тұрғызған мешелді де.
Ауруларды айықтырып,
Қайғы-мұңын ғайып қылып,
Жүректерде жанады арман,
Жаңақорған, Жаңақорған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңақорған өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңақорған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңақорған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңақорған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері