Шаруалар мен өзен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шаруалар мен өзен» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1518
Шаруалар шықты төзім, шыдамнан,
Судан керген лаңнан:
Бұлақтар мен жылғалар
Тасыған бір кезеңде.
Деген оймен арызымыз тыңдалар,
Жүріп кетті арнасы кең Өзенге
Мәселені көтермек боп маңызды.
Күздік кетсе бүйірден,
Бірде қирап, қопарылды диірмен,
Отар-отар малды-дағы ағызды.
Ал, Өзен ше, ағады жай паңдана,
Жағалауы сан алуан қалалы,
Қадалып,
Ешкім оған сөз айтпады шамдана.
Демек, ақыл берер бұлақ-жылғаға,
Деп Шаруалар үміт арта келген-ді,
Сол Өзенге сенген-ді,
Жақындап кеп көрді енді,
Талай мүлік барады ағып мұнда да.
Бұдан әрман іс қозғамай мұңдана,
Тек көзімен салды оларды шығарып.
Бір-біріне қарап олар күйіне,
Қабақтары түйіле,
Қайтты ақыры үйіне.
Деді жолда шын налып:
«Әділетті қайдан іздеп табасың?
Кішілермен қайтеміз тек таласып,
Үлкендермен жатса ауыз жаласып».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруалар мен өзен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаруалар мен өзен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаруалар мен өзен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шаруалар мен өзен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері