Күншіл көкек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күншіл көкек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2141
Көктем күні болғанда,
Көкек жүрді орманда.
«Кө-кек, кө-кек, кө-кек!» – деп,
Тынбады бip секектеп.
Ән салуға тиісті
Барлық құсқа тиісті:
«Мен тұрғанда орманда,
Асқан әнші болған ба?
Талантымды ұғыңдар,
Тездеп тайып тұрыңдар!»
Кеткен шығар кеткені,
Бұлбұл, бipaқ, кетпеді.
Көкектей сол кеппені
Титтей де еле етпеді.
Әуезді де ырғақты
Әсем әнін тыңдатты.
Құптағандай осы үнді,
Бар табиғат қосылды.
Қызғаныштан күйініп,
Қабағы тарс түйіліп,
«Кө-кек, кө-кек, кө-кек!» – деп,
Көкек кетті секектеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күншіл көкек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Күншіл көкек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күншіл көкек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күншіл көкек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері