Асыл шөп – Спандияр Көбеев

Бұл бетте «Асыл шөп» атты Спандияр Көбеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2532
Үш-төрт күн жазбағалы болды хатты,
Емеспін шешен мырза тілім тәтті.
Екі қап алма арқалап екі қатын,
Зылиқа әм Қадиша келе жатты.
Қалаға апарып сатпақ көңілдері,
Адам жоқ пұл беретін одан бері,
Қайқаңдап екі байғұс келе жатыр,
Жүктерін жарамайды жеңілдерге.
Зылиқа көтере алмай сыр білдіріп,
Дем алып әлсін-әлсін жүріп тұрып,
Уһлеп күрсініп байғұс келе жатса,
Әзілдеп Хадиша оны жатыр күліп.
— Осынша не себепті көңілдісің?
Жарқыным, менен артық емес күшің,
Қаптар да бір-біріне жеңіл емес,
Жарқылдап күле бермей, айт мәнісін.
Хадиша сонда айтты оған қарап,
— Шеше-ау, не қыласың күшті сынап,
Әр түрлі мехнатты жеңілтегін,
Келемін қабыма мен шөпті салып.
— Ах, олай болса, ол шөбің асыл шығар,
Жақсыдан қалған жұрнақ, нәсіл шығар,
Мендағы жүгімді бір жеңілтейін,
Келінжан, атын айтшы, етпей құмар.
— Айтайын саған атын қазір,— дейді,—
Айтпасам болады ғой жәбір,— дейді.
Сенде жоқ, білгенменен құр есімін,
Ол шөптің болады аты «сабыр» дейді.
Жігіттер, сабыр етсең, әрбір іске
Болса да жақсы-жаман ерте-кеште,
«Сары алтын — сабыр түбі» деген бір сөз,
Бұрынғыдан қалған мақал рас емес пе?
Қадиша Зылиқадан емес мықты,
Сабырлы төзуменен не боп шықты,
Сондай-ақ аш-арыққа тезім керек,
Сөзімді надан босқа жіберіп, жақсы ұқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл шөп өлеңінің авторы кім?

Спандияр Көбеев — осы өлеңнің авторы.

Асыл шөп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыл шөп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Спандияр Көбеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асыл шөп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері