Шежіре өлең
- 0
- 0
Қолыма: "Бисмилла!"-деп, алдым қалам,
Екінші - Мейрам атаң, Арғын - бабаң.
Келеді үшіншіде Қарақожа,
Төртінші - Ақжол батыр, білсең тамам.
Бұл бетте «Шуағын шашып халқына» атты Қадіржан Алдахов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қадіржан Алдахов — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Қадіржан Алдахов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Қолыма: "Бисмилла!"-деп, алдым қалам,
Екінші - Мейрам атаң, Арғын - бабаң.
Келеді үшіншіде Қарақожа,
Төртінші - Ақжол батыр, білсең тамам.
Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқан, Бұқар, Ташкент- бәрін кезген,
Жасында бір кем отыз Тәңірім айдап.
Айтушы мен болайын, құлақ қой сен,
Сөзде жоқ сен танырлық таңба мен ен.
Болғанда ұшсыз - ұзын, түпсіз - терең,
Таусылмас, шашсаң қанша, көңіл - бір...
Ішінде әбдіренің садап жатыр,
Гауһар бар ол садапта, алсаң батыр.
Ие боп сол гауһарды сақтай алған-
Бір басы неше мың сан жанға татыр.
Оттай боп қызыл гүлдің көрінісі,
Бұлбұлдың, шыдай алмай, күйеді іші.
Сайрайды дамыл таппай ауық-ауық,
Дәнеме (дәңке) жоқ оған түсер, Хақтың ісі.
Шығып ек кешегі айда елімізден,
Мекен - жай, қоныс қылған жерімізден.
Хазіреттің ақ күмбезін зиарат қып,
Қол жайып бата алғалы пірімізден.
,,,,,,
тамаша неткен адемы олен
Арман
күштіі екен рахмеет