Қанатты жандар отаны – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қанатты жандар отаны» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2072
Көңіл де, көз де қызығып
Аспаншыл болды жанымыз,
Мың арман сүйреп, жүз үміт
Ұшқалы жүрміз бәріміз.
Бәріміз бірдей қанатты
Адам боп шықтық ілезде.
Артатын аяқ бір атты
Арман ғып жүрген бір кезде.
Атамыз көкке қарайды
Қолымен көзін қалқалап.
Анау бір аспан арайлы
Шақырғандай қолқалап.
Ғажайып дейміз, ғажайып!
Барамыз ұзап, шектелмей.
Жердегі жолдар азайып,
Көк жаққа көшіп кеткендей!
Әркім бір тәтті сезімде
Жолаушы болмақ, ол да ұшпақ.
Көгілдір көктің жүзіне
Болдырмай жетер болды шақ.
Армандар жылдам ескіріп,
Күн сайын жатыр жанданып,
Түскі бір арман, кешкі үміт
Ертеңгі іске айналып.
«Жылдамдық» атты сөз ғажап
Өмірге кірді өктем кеп,
Уақыттың өзі бізге жақ,
Жолымның бәрі көкпеңбек.
Осынау әсем жолменен
Жүйткиміз алғы күнге біз
Жеткізе жерге сөйлеген
Аспанда тұр мінбеміз.
Сол мінбеден жырланбаң
Жоспары коммунизмнің.
Тыңдамақ, соған түрілмек
Құлағы жердің жүзінің.
Шығады күміс жол тағы —
Қуанар күмбез көгіміз.
Қанатты жандар Отаны —
Жердегі Күндей еліміз.
Тосады түнде, күндіз көк
Жіберсе мейман Москва —
Ұшамыз бір-бір жұлдыз боп,
Партия нұры астында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанатты жандар отаны өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қанатты жандар отаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанатты жандар отаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанатты жандар отаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері