Достық, туысқандықпен – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Достық, туысқандықпен» атты Ғафу Қайырбеков жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5956
Достық, туысқандықпен
Татулық, жомарт пейілді,
Қашаннан жүрек, жан күткен —
Махаббат, ықылас, мейірді.
Адамның асыл кездері
Осыларменен білінбек.
Шуақтай майда сөздері,
Жүздері тұрса күлімдеп.
Қиянат, қисық, қыңырлық
Мінезге түскен дерттерден
Арылып адам, жуынып,
Айнымай тұрса көктемнен.
Күншілдік, қулық, залымдық,
Арамтамақ, масылдық
Адамнан тартып алынып,
Ауаға кетсе шашылып.
Шіркін-ай, таза еңбекпен,
Өмірін тұрса көбейіп!
Осынау күнді қол жеткен
Рахат демей не дейік!
Жоспарда бүгін кездестім
Осынау жаңа адаммен,
Сол үшін деймін өлмеспін,
Сол үшін жырлар жазам мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық, туысқандықпен өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Достық, туысқандықпен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық, туысқандықпен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық, туысқандықпен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері