Домбыра – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Домбыра» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4060
Тартсам сені кей күнде,
Боламын рақат тапқандай.
Қосылып сенің шегіңе
Жүрегім тәтті үн қатқандай.
Көңілдің шексіз аспаны
Болады бір жарқ еткендей!
Ақынның албырт жас жаны,
Қалықтап. шырқап кеткендей.
Шақырар болсам шабыттың
Биікте жатқан бұлағын.
Шірей бұрап алып бір
Төгілте тартып, тынамын.
Жауынды бұлттың қанаты
Секілді қаламұш маған,
Домалап түскен сан әріп,
Тамшыға кенет ұқсаған.
Сондай-ақ сен де бір қалам
Сияң жоқ бірақ кепкендей.
Атасы күйдің, ұлы адам
Шегіне жазып кеткендей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері