Өзі ғана біледі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өзі ғана біледі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 780
Қақпа алдында, жасыл терек түбінде,
Жан тербеген толқу бар бір түрінде.
Қос жанары кезіп Талғар шыңдарын,
Отыр сұлу жаздың айлы түнінде.
Жас қиялы мегзеп оған алысты,
Ой тізбегі толқындайын жарысты.
Алабұртып жүйрік көңіл жосылып
Ә дегенше арманымен табысты.
Нұрлы жүзі албырайды сәт сайын,
Жасырса да жария етіп жас жайын.
Енді бір сәт өтті жылжып, дөңгелеп,
Көз алдынан гүлді бақша, ақ қайың...
Неге сонша соғып қатты жүрегі,
Лүпілдеді нені қалап, тіледі,
Неге толқып, алабұртты көңілі,
Оны сұлу өзі ғана біледі. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзі ғана біледі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өзі ғана біледі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзі ғана біледі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзі ғана біледі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері