Әзіл-шыным

Бұл бетте «Әзіл-шыным» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Өн бойында жинағыңның
Жана береді екенсің,
Таңданып та, тамсанып та.
Тала береді екенсің.
Өзіңді өзің мысал етіп,
Ала береді екенсің
Бірақ та сол жанамынмен
Қала береді екенсің.
Тез тұтанған тез сөнеді,
Қалмауы да сүлдесі.
Абайлашы, ақын досым,
Сөніп қалып жүрмеші!..
* * *
Емеспін мен ешкімнен артық адам,
Емеспін құр көкірек жарты да адам.
Өмірге өтесем де, алсам да одан,
Ешкімнің несібесін қарпымағам.
Ерекше маңдайым жоқ жарқыраған,
Білемін пендешілік салтын адам...
Қынжылман аз бақытты қимағанға,
Мен көбін тағдырымнан тартып алам.
Еңбекпен таң атқызып, күн батқызам,
Сөзімді халқыма айтам, тыңдатқызам,
Қол соққызып қолпаштау тілемейтін
Жырымды болашаққа бұлдатқызам.
Қазақтың бір қызымын – Тұрсынханмын,
Бұлдымын ауылына жыр сұлтанның.
Жыр өлмесе, мен де өлмен, жыр үстінде
Шапағы алаулаған тұрсын таңның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әзіл-шыным өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Әзіл-шыным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әзіл-шыным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әзіл-шыным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері