Астанада көшесі бар Гогольдің – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Астанада көшесі бар Гогольдің» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5439
Астанада көшесі бар Гогольдің,
Астанада қызыл гүлдей жарым бар.
Сол көшемен мендік бақытты өмірдің
Сол жарыммен қыдырған бір шағы бар...
Астанада көшесі бар Гогольдің,
Алыс жүрсем келеді көз алдыма.
Сол көшеден жұлдыз болып көріндім,
Кешкі ауада мені тосқан жарыма.
Астанада көшесі бар Гогольдің,
Гүлге толып кететұғын кезі бар.
Дәл езімдей жігіттің, жас өмірдің
Жарына айтып үлгірмеген сөзі бар.
Астанада көшесі бар Гогольдің,
Астанада жақсы құрбыларым бар.
Астанада сол бір жастық өмірдің
Ортасында менің де өткен шағым бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астанада көшесі бар Гогольдің өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Астанада көшесі бар Гогольдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астанада көшесі бар Гогольдің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астанада көшесі бар Гогольдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері