Қойшы түні

Бұл бетте «Қойшы түні» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1604
Жазғы түн. Жұлдызы көп жыпырлаған...
Күндізгі тұяқтар жоқ тыпырлаған.
Сөреге жайып қойған құрттардай-ақ,
Қой жатыр, түн аузынан тың-тыңдаған.
Манағы ішкен шайдың буы тарап,
Алдынан тартылғандай сырлы табақ,
Тамсанып, таңдай суын тартып қойып,
Қойшы отыр семіз айға төне қарап.
Келердей алдына ай түсіп көктен,
Отырған жан секілді тосып көптен.
Ай батты зып берді де, табақтай боп
Қолынан келіншектің түсіп кеткен.
Сол кезде қой үрікті опыр-топыр,
Манадан күтіп жатқан түнді соқыр,
Сойқаңды содыр қасқыр түрегеліп,
Жағылды қой шетінде қызыл от бір.
Басты кеп батыр-бұтыр аңшыл ағаң,
Аспаннан аппақ жалын тамшылаған.
Дыбыстан түн құлағы қалды тұнып,
Тау ма әлде, қасқыр ма әлде қаңсылаған!
Басылып бірте-бірте әлгі дыбыс,
Содан соң қой да тыныш, ол да тыныш.
Күбірлер мылтығының аузын сүртіп:
«Көздемей, етті ғой, — деп, — қол қапылыс.
Әйтпесе, құтылар ма әлгі бұзық!»
...Уа, шіркін, қойшылардың түні қызық!
Болады таңды өзі-ақ атырғандай
Түнімен жұлдыздарды үзіп-үзіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қойшы түні өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қойшы түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қойшы түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қойшы түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері