Нұрқанұлы мәлікзада

Бұл бетте «Нұрқанұлы мәлікзада» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1842
Бұлдырады жыр әлемі,
Сарала тозаң сағымдай.
Әкеңнің салған әуені
Жөнелді ағып ағындай.
Елтіді ол асқақ әуенге,
Балқыды Нұрқан жырымен.
Әлдилеген әуелде,
Қаз тұрды ана тілімен.
Шырақтай түнде жанып тік,
Анаға жасап ізетті,
Дүниені бүкіл тәрік қып,
Әкенің жырын түзетті.
Жыршы боп шықты ақыры,
Ішінде өрті лаулаған,
Торғайдың болды ақыны,
Әкесінен аумаған.
Еікейіп бір күн құлады,
Әкенің құшып қабірін.
Торғайда дөңдер жылады,
Еңсесін басып ауыр мұң.
Көз жұмып кеште ол жатты
Әкесінің қасына
Бір күмбезді ел орнатты
Екеуінің басына.
Жанына таппай ем азық,
Жоқтауын айтты ел енді.
Бір күмбез тұр құлазып,
Құшақтап екі өлеңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрқанұлы мәлікзада өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Нұрқанұлы мәлікзада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрқанұлы мәлікзада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрқанұлы мәлікзада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері