Сен қайғыға батқан кезде

Бұл бетте «Сен қайғыға батқан кезде» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Сен қайғыға батқан кезде
Айықпадым мұнардан.
Сен жылы сөз айтқан кезде
Күлім қақты күн алдан.
Сен қиналсаң мен де бірге
Ауыр мұңға батамын.
Тілдің дәмін бергеніңде
Бақыт балын татамын.
Сен жыласаң
Мен де жылап,
Сен қуансаң – қуандым.
Сен құласаң,
Мен де құлап,
Сосын қайта тұрармын!
Қалай бұдан аман қалам,
Қиналмай да, ойланбай.
Тағдыр мені
Саған ғана
Байлап-матап қойғандай.
Таба алмадым – мен амалын
Сенсің құштар – ынтығым...
Түсіне алмай келем әлі
Махаббаттың сиқырын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен қайғыға батқан кезде өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Сен қайғыға батқан кезде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен қайғыға батқан кезде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен қайғыға батқан кезде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері