Төріңде жатып салмақтан

Бұл бетте «Төріңде жатып салмақтан» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 11897
Ай, Абылай, Абылай!
Қатын алма қарадан,
Қара тумас сарадан.
Қатын алсаң қарадан,
Алды кетпес баладан,
Арты кетпес жаладан.
Қатын алма төреден,
Қатын алсаң төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы ер жанды.
Төре берер ұл туса, -
Аузы кетпес парадан.
Мал жинасаң, қойдан жи,
Майы кетпес шарадан.
Ит жинасаң, сырттан жи,
Қойды бермес қорадан.
Аталыдан би қойсаң,
Адаспас жол мен жорадан.
Атасыздан би қойсаң,
Босанбас аузы парадан.
Қалмаса қайнар азайып,
Аққан дария суалмас.
Қалмақтан алсаң бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас.
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан!
Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаңды түгел қып,
Төріңде жатып салмақтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төріңде жатып салмақтан өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Төріңде жатып салмақтан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төріңде жатып салмақтан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төріңде жатып салмақтан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері