Рауанды таңдар

Бұл бетте «Рауанды таңдар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1905
Қиялым желдей,
Көңілім көлдей,
Оған жаңбырлар жауып жатады,
Қар жауады, мұз қатады,
Онда дауыл мен бұлттар ауып жактады,
Солар жүректі сыздатады.
Онда асыл күндер болады,
Рауанды таңдары бар.
Онда жасыл гүлдер болады,
Жемісті баулары бар.
Менің көңілімді ұғу үшін
Бірде дауыл болып соғып,
Бірде жаңбыр болып жауу керек.
Менің жанымның құбылысын
Тек табиғаттан тбу керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рауанды таңдар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Рауанды таңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рауанды таңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рауанды таңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері