Тыңдатайын азырақ – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Тыңдатайын азырақ» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1685
(әзіл өлең)

Тыңдатайын азырақ,
Ер Үсеннің дастанын.
Қанады құлақтың құрышы,
Қойыңдар сөзін басқаның.
Азды көпке теңгерер,
Жәрдемшісі болмай жүр,
Есіл де ғана қасқаның.
Көкірегін көтеріп,
Көп ішінде күлмейді.
Көргенім жоқ көзіммен,
Адамнан мұның сасқанын.
Қара ерсе қасына,
Қалыңға қарай шабар еді,
Ойламай-ақ бас қамын.
Сермер еді семсер орнына,
Қолына беріп қойсаңдар,
Тәженнің шоқпар аспабын.
Жетектеуге тым қайым,
Масақ науқан кезінде,
Теке-лақтың саспағын.
Ер кісіде ес бар ма,
Бұрынырақта бір қырған,
Қазанбай атты бабайдың,
Қазанының қаспағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыңдатайын азырақ өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Тыңдатайын азырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыңдатайын азырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыңдатайын азырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері