Зергер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Зергер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 4778
Білесің бе бұл істі –
зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті,
сапырады судайын.
Сиқыршыдай жырдағы:
білезік пен алқаны,
сақинаны, сырғаны
күміс сымнан тартады.
Көрсең, қайран боласың –
мақтанышы ол бір елдің.
Күмістейді тоғасын
таралғы мен жүгеннің.
Тобылғы сап күмсанды
қамшыға бір қарашы.
Кім жасайды бұл сәнді
табылмастай бағасы?!
Демеңіздер: "Бұл қалай
күмісті де илеген?"
Осы өнерді мұрадай
зергерлерден үйренем!
1975


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зергер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Зергер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зергер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зергер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері