Жұмбақ бейне
Бұл бетте «Жұмбақ бейне» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұмбақ бейне
Кім сезеді жүректегі жарамды?
Ішіндемін тұнжыраған қапастың.
Сезім билеп, сиқырлады санамды,
Қалың ойдың орманында адастым.
Мың өткіздім сезімімді сүзгіден,
Қыз сезімі қалады екен жауапсыз.
Үй сыртына жүз шығамын, жүз кірем,
Әлдекімді күтудемін тағатсыз.
Елеңдеймін дүбіріне тұлпардың,
Жылқы бағып жүр ме екен деп тебінде.
Ақ сағымдай алыстағы сұңқарым,
Періштеңді душар еттің не күнге?
Аққулардың махаббаты маздаған
Қарайлаймын көк теңізге, айлаққа.
Жасырынып жұмбақ бейне ханзадам,
Жүр екенсің қай жақта?
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі