Сенің арқаң

Бұл бетте «Сенің арқаң» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1572
Тауы мен өрі қалқан,
Жерім де елі дархан,
Өмірге келгендігім,
Қойнында кені бар сан,
Бастырған мені балпаң,
Иә, Аллаһ, сенің арқаң.
Ұлы боп көшпендінің,
Ұлан боп өскендігім,
Бақытым бүршік жарып,
Өкініш өшкен мұңым,
Дегенім «сенім артам»,
Иә, Аллаһ, сенің арқаң.
Қатені «қой!» – дегенім,
Тапқаным ой кененін,
Мойындап құлдығымды,
Шүкір деп сөйлегенім,
Рухымның шөлі қанса,
Иә, Аллаһ, сенің арқаң.
Орнатсам діл бекімді,
Жалғасам тілге тілді,
Қалыпты адам болып,
Атқарсам міндетімді,
Өмірді тегін алсам,
Иә, Аллаһ, сенің арқаң.
Ғаламның мыңнан бірі,
Жер шары тұрғандығы,
Ту ұстап Қазақстан,
Елдігін құрғандығы,
Атқаны келіп әр таң,
Иә, Аллаһ, сенің арқаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің арқаң өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Сенің арқаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің арқаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің арқаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері