Аврора – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Аврора» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1120
Көрдім мен, өзімді өзім алып барып,
Қараймын аң-таң қалып, анық танып,
Қасымда тұр бәрі де кәдімгідей,
Бала жастан оқыған барлық тарих.
Қарсы бетте көк зәулім Қысқы Сарай,
Таң ілінер басына алтын арай,
«Аврораға» алаңдап содан бері
Әлі тұрған секілді қарай-қарай.
Бірақ үнсіз, тыныштық ендігі арман,
Ел есінде еңбегі мәңгі қалған,
Қарт революционер секілді «Аврора» —
Қарт Неваны жастанып демін алған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аврора өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Аврора өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аврора өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аврора өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері