Мыс салт атты – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Мыс салт атты» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1845
Жер шауып, болмайтындай бұл түгесіп,
Атының омырауы бұлтты кесіп,
Сан озып ғасыр бұдан, бұл ғасырдан
Кетсе де, төзу білмей тұр сіресіп.
Өзінің заулап тұрған заманында
Россияны жетектеген адам бұл да.
Жыландай белі үзілген беттей алмай,
Тұлпардың тағдыр жатыр табанында.
Аспанға өр кеудесі шалқақтаған,
Жортуыл аласұрып, жай таппаған,
Арасын көк пен жердің жалғаймын деп,
Келеді әлі шауып салт атты адам.
Осынау уақыт-тұлпар жалында ойнап,
Жүйрік ой, шапшаң шабыт, қалың қайрат,
Орыстың өз жүрегі жүйткігендей
Ұмтылып болашаққа, жаны жайнап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мыс салт атты өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Мыс салт атты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мыс салт атты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мыс салт атты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері