Азия даусы

Бұл бетте «Азия даусы» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 782
Әні Гүлнәр Құлсариеванікі

Ғасырлардың көш-керуені тынбаған
құмға толы, сырға толы бүл ғалам.
Жібек жолын ұзатып сап қиырға
келешекке мәңгі қолды бұлғаған.
Сан ғасырдың сырын бүккен бір тасы
Азияның таулары мен қырқасы,
Күн нұрына малып тұрған жанымды
шырқа бүгін...
шырқа бүгін, шырқашы....
Уақыт сені алақанда тербеген
заманаға ешбір тыным бермеген.
Азия дауысы естіледі әлемге
жалғастыра аспан астын Жерменен.
Ғасырлардың қойнауынан жаңғырып
естілесің
керуендердей сән құрып.
Ынтымақтың желбіретіп туларын,
Азия дауысы, тынба! Тынба мәңгілік!
Күңіреніп жетеді үнің шалғайдан,
елес беріп сан құпия, сан майдан.
Аласапыран таңғажайып тарихтың
сезінемін кермек дәмін таңдайдан,
Ғасырлардан Азия деген қалыпты ат,
әлемге өзін тағы да ол, танытпақ.
Жер-ананың құстай қалқып төсінде
Азия даусы, жүрші мәңгі қалықтап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азия даусы өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Азия даусы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азия даусы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азия даусы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері