Міскін – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Міскін» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Шайқы-бұрқы дуана боп кетерміз,
Күйкі тірлік күйреткенде бізді әбден.
Шірік жапырақ шашуымен төпер күз,
Жүрегіңде соңғы жырың қызғанмен.
Ақтарсаң да мұз боп түсер, ол да өлім,
Сосын күз кеп қымтай салар тәніңді.
Күтеміз ғой бізді әлдекім көмгенін,
Ал көмбесе түн сорады жаныңды.
Тәнің сосын көрге жетер еңбектеп,
Ең соңғы рет күрсінерміз, а, жалған!
Мүңкір-нәңкүр әурелесе тергеп көп,
Жалығармыз мазасыз бұл ажалдан.
Сосын тағы көрден қашып шығармыз,
Шұбатылған ақ кебінге қымтанып.
Тірлікке де қосыла алмай жылармыз,
Тозаққа да бізсіз кетіп бір табыт.
Құдайға да құлдық ұрмай қамығып,
Көктем-күзде кезерміз жер-жаһанды.
Сұлулық пен жауыздыққа табынып,
Әзәзілге айналармыз қаһарлы.
Мәңгі өмірге жол ашармыз солай біз,
Пенделер де, перғауын да бас ұрар.
Ал оғанша талай-талай, талай күз,
Бізді ажалдың ақ көзінен жасырар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Міскін өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Міскін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Міскін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Міскін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері