О, Бейтаныс – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «О, Бейтаныс» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1112
Аяқ талып, көз жанары шаршаған,
Күндігінде жолығады қанша адам.
О, бейтаныс, кездессек те кенеттен,
Арманымыз қандай ұқсас аңсаған.

Қараңғы түн – түннен мен де қорқамын,
Айлы түн бе? О, бар оған ортағым.
Не үшін, қайда барамын я келемін,
Тыныш түнде тыным таппай жортамын.

Арман, қиял отырғызбай бір жерде,
Сапар шегем, түндерде де, күндерде.
Өкінішсіз тағдыр сыйлап, Құдайым,
Бар бақытты беретіндей бір демде.

Сынағынан өте алмаған тағдырға,
Кеш түсініп, өкінетін шағымда.
О, бейтаныс, сен кездесіп қаласың,
Сосын... тағы жол шақырар алдымда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, Бейтаныс өлеңінің авторы кім?

Мылтықбай Ерімбетов — осы өлеңнің авторы.

О, Бейтаныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, Бейтаныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мылтықбай Ерімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, Бейтаныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері