Тақуа – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Тақуа» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 972
Фәниден таппай бәтуа,
Бақиға кеткен сан сұрақ.
Соларды жазсам хатыма,
Моладан қайта аршып ап.
Құбыла бетке жантайған,
Құраншыл ерді тапап бір.
Күні өшіп, Айы шалқайған,
Күнәһар заман қақап тұр.
Жаназа-жырын сарнатып,
Мүрид жүр мұңымды ұққан боп.
Ұртына май мен қан қатып,
Қазақ тұр битін сыққан боп.
Ажалдың иісін мүңкітіп,
Мүңкір де нәңкүр жайсаң-дүр.
Шекесін шатақ шылқытып,
Әзәзіл көкем ән сап жүр.
Аспанға зәузат сыймайды,
Жердегі жүрек — қансүрек.
Періште мені қинайды,
Махаббатымнан алшы деп.
Қайтейін ондай сезімді?!
Есті алар жүрек қансырап.
Жұмдырмас сосын көзімді,
Табытта жатқан сан сұрақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақуа өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Тақуа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақуа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тақуа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері