Тұралы мен әкесі – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Тұралы мен әкесі» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1414
Жиылыс ұзап тарады
Қайтты үйіне Тұралы.
— Не мәселе қаралды? —
Деп әкесі сұрады.
— Мәселесі көп екен.
Басым болды сын жағы.
Бір мәселе — мен екем,
Мені қатты сынады.
Жоқ-ау енді шынында,
Өзгенікі бір басқа,
Мені тіпті шуылдап,
Жазғырады құр босқа.
Әсіресе Тұрағұл,
Жандай-ақ бір қасы бар...
— Сонда дағы, шырағым,
Шикілігің бар шығар.
Жазғыруға кім ынтық
Жөні бар ғой айыптың...
— Жазығым кеше ұмытып,
Қой суармай қойыппын.
Жатады олар несіне,
Сөз шығын сондайға!
Ертесі не, кеші не
Қой су ішсе болмай ма? —
Деді ол кейіп, түксие:
— Шөлдеп келдім, шай бар ма?
— Ертесі не, кеші не
Бір шай ішсең болмай ма? —
Деді әйелі Гүлжамал,
«Батыр» басын шайқады!..
Күбір етті: — бар ма амал,
Бұл да есесін қайтарды!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұралы мен әкесі өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Тұралы мен әкесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұралы мен әкесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұралы мен әкесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері