Этюдтер

Бұл бетте «Этюдтер» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1472
Екі қойшы — делегат
Тұр ішінде гүл - бақтың.
Бірі жігіт, бірі қарт,
Шуын тыңдап бұлақтың.
«Ішкен жанда құмар көп,
Көкірекке нұр сіңіп!
Алматының суы - ай!» — деп,
Жігіт тұрды сүйсініп.
Қарт түсті де ойға сәл.
Биікке көз тастады: -
Мықты ғой, — деп - анау шал! —
Алатауды нұсқады...
* * *
Ана бір жыл көктемде,
Мен ауылдан кеткенде,
Сәби інім бар еді,
Жел көтерген бала еді.
Ерік дейтін есімін,
Ерке - ақ еді осы інім.
Астанаға Ерікті
Ән көтеріп келіпті.
Кетпей тұрды ойымнан,
Жас өнері, жас күні,
Қуып жеткен соңымнан,
Таланттың бір тасқыны...
* * *
Ақын шал жыр жазыпты махаббаттан.
Жолаушы ұзақ жолдан келе жатқан,
Түнде бір көруші еді алыс отты
Үстінде қоңыр қырдың діріл қаққан.
Сол отқа жолаушы әуре жетем деумен,
Астында болдырған ат тепеңдеумен,
Сондай-ақ қуса, ұстарын білмесе де,
Қоя ма ұмтылуын, шіркін, кеудең!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Этюдтер өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Этюдтер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Этюдтер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Этюдтер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері