Досыма – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Досыма» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2119
Есіңде ме бұдан он бес жыл бұрын,
Құмда сезбей жаздағы өткір күн нұрын,
Жалықпастан жалаңаяқ қуушы ең
Сүйрей қашқан асау тайдың шылбырын.
Сүйкімді боп жұрт атаған атың көп,
Кім ойлады бірақ сені ақын — деп?
Кім ойлады ойынқұмар жанында
Болашақ жыр бастамасы жатыр — деп?
Бір туғасын аялдамай, бөгелмей
Өтті жылдар өзің жазған өлеңдей,
Өтті жылдар, сені кетті марқайтып,
Күнің бар ма жырға отырған бөленбей?
Міне, бүгін сен кәдімгі ақынсың,
Туған халық жүрегіне жақынсың.
Келді жырың жүрексінбей съезге,
Келді бірге достық ақыл, батыл сын.
«Дәл он бес жыл бұрын.
Құмның қасында
Ойнаған ол асау тайдың басында.
Ортақ үлкен жырдың қамын сөз етіп,
Тұрмақ бүгін съезд трибунасында!» —
Деп қуанса менің қазір көңілім,
Сенем анық, көрмейді ешкім оны мін.
Жыр өскені, болашағы сөз болса
Жатыр сонда сенің де ортақ өмірің.

1955 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досыма өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Досыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Досыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері