Кәсіпшілерге

Бұл бетте «Кәсіпшілерге» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2570
(Қазақстанның кәсіпшілер ұйымының білім-ағарту бөлімінің нұсқауы)
Ленин

Еңбекші елін
Шақырды Ленин,
Білімге айқын нұсқады.
Білуге қарман,
Білмеуге арлан!—
Деді жалшы ұстазы.

Оқу

Оқу — білім қазығы,
Адамның азығы.
Оқу — өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.
Сауатсыз надан —
Қор болған адам.

Ұйым

Ұйым бай тұзағын кеседі.
Ұйым байдың қарнын теседі.
Ұйымға жалшы кірмесе,
Болғаны байдың есегі.
Ұйым жалшыға пайда,
Жалдаушыға найза!
Жалшыға ұйым есігі ашық,
Ұйымға тез кіруге асық.

Ұйымға кір!

Ұйымға мүше болмасаң,
Пайдасыз сенің кәсібің.
Рабфактыңда, ВУЗ-дың да
Көре алмассың есігін.
Жалқау болма!
Мүше болсаң ұйымға,
Мүшелік төлеу қиын ба?
Мезгілден қалма, ерінбе,
Жалқауланба, керілме,
Мүшелік ақша — ұйымға қор,
Ұйым онымен зор.
Жәрдемдессең қорына,
Күш салыс, мұқтаждықтың торына.
Тырнақты шеңгел қолынан
Түспегің келсе, күш салыс
Жәрдемдестік қорына.
Әлді кезде ақша сал,
Әлсіз кезде көмек ал.
Жұмысыңа шебер бол,
Шеберден де асуды өнер көр.

Клубта демал

Басқа жерде демалыс —
Жеміссіз уақыт, бос кеткен.
Клубта ғана демалыс —
Уақыт емес босқа өткен.
Өз сөзіңді әуелі
Өзің орында.
Қалам еркі қолында,
Жаза білсең қарар.
Әуелі өзің орында,
Сонда ғана жарар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәсіпшілерге өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Кәсіпшілерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәсіпшілерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәсіпшілерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері