Түн оттары – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Түн оттары» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1719
Күндізі ысып, түн мұздап,
Қостанай желі құбыладан.
Қарасу жолы тым ұзақ,
Қарасу жолы бұралаң.
Машина шамы үңгиді
Жеті қат түннің, қойынын.
Көрдім де, үздім, бір күйді
Желісін ұзақ ойымның.
Келемін қарап манадан,
Осылай ма еді бұл дала?
Жана бір өттік қаладан,
Алдымда тағы бір қала!
— Неткен бұл қала, досым - ау,
Көбейіп кеткен қайдағы?
— Шамасы сізге тосын - ау,
Түндегі дала сайраны?
Деді де шопыр, ойланды,
Машина жүрді бәсеңдеп.
Өзі де мендей таң қалды:
— Шынында, неткен әсем! — деп.
О, ғажап, оттар қозғалып,
Жүйткиді ерсіл - қарсылы.
Көрінді содан көзге анық,
Бүгінгі дала бар сыры.
Түнменен талас дән жиған
Комбайн екен жүздеген.
Осылай шықты алдымнан
Мекенім менің іздеген!
Ой салар көрген кісіге,
Отына бөлеп даланы.
Сүйемін. түннің ішінде
Қозғалып тұрған қаланы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн оттары өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Түн оттары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн оттары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн оттары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері