Өмір маңызы – Махамбетәлиева Зере

Бұл бетте «Өмір маңызы» атты Махамбетәлиева Зере жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Болған соң пендесі бұл ғаламаттың,
Маңызды əрбір ісі адамзаттың.
Керек десең маңызды күнделікті,
Жұмсалып жатқан əрбір қаражаттың.

Маңызды тіпті ұйқыға батқандығың,
Маңызды таңың қалай атқандығың.
Қалай болса солай өмір сүре берсең,
Ешқашанда бұл өмірде жанбас бағың.

Маңызды жадырап бір күлімдеуің,
Айналып қалсадағы бұран белің.
Маңызды қай істе де бүлінбеуің
Маңызды еш уақытта сүрінбеуің.

Маңызды сөйлеген əр сөздеріңде,
Жанар оты өшпесін көздеріңде.
Көп сенбегің жаныңдағы адамдарға,
Мақтаншақ,арсыздарды көзге ілме.

Маңызды өмір жолын жүргендігің,
Жоқсың ертең жүрсеңде мына бүгін.
Солдыртпағың алданып өзге жанға,
Жайқалған жеміс берер жүрек гүлін.

Маңызды екен əрбір ісің бұл өмірде,
Есеп бергің өз-өзіңе сен күніге.
Қиналып жүрсең дағы қабақшытып,
Берілмей бұл өмірде сен күлімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір маңызы өлеңінің авторы кім?

Махамбетәлиева Зере — осы өлеңнің авторы.

Өмір маңызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір маңызы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір маңызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері