Базаршыға тапсырма – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Базаршыға тапсырма» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1319
Бір пұт май, екі сандық, бір пұт лампы,
Қасабдар он екі кез келген әлпі.
Бір топ тек, бір топ ақтық, қырық кез шыт,
Балалар жаңаратын киіп жалпы.
Сегіз кез қара дырап, сегіз кез тек,
Он бес кез қара парқыт қымбат нарқы.
Тәуір қол он жеті кез қызыл дырап,
Бір шәйнек келе қойса шама-шарқы.
Ақ жиек, жылтыр қара төрт кез сәтен,
Астарлық ажарлы шыт отыз алты.
Бір бөрік, екі кез зер, бір жақсы ер,
Бір тапа үлкен емес, яки таңқы.
Жүз табақ қағаз, қалам, дәуіт, сия,
Он қадақ көк қарта шай және қанты.
Әкеліп осыларды берушіге,
Союға бір бағланды болдым тәнті.

1909


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Базаршыға тапсырма өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Базаршыға тапсырма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Базаршыға тапсырма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Базаршыға тапсырма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері