Ұмыта алмай бір жанды – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Ұмыта алмай бір жанды» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1637
Қалтырайды көктемге терек жетпей,
Айбынды аяз қалада қыдырады.
Мен отырам ешкімді керек етпей,
Тек ән салса болғаны Қыдырәлі.
Басым да бос, бостандық несібе ме,
Нәзік көңіл көкке ұшар қанатында.
Ерке қызды қинап қыс есіре ме,
Жүрек зорға тірінің санатында.
Төркінінен мейірім жоғалады,
Пенделердің несі бар жер үстінде?
Сезімдер ме? Оны алдап көкала ғып,
Соңғы үміті өлтірген теріс түнде.
Шылымдардың түтіні ауаны улап,
Шараптардың шаттығы ойды бұзған,
Мен түк таппай көзімді алам сулап,
Есепке алмай думанды, тойды қызған.
Жер бетінде не қалды ұрпақ алар,
Жайлап алған жауыздық қасы кеткен.
Қара қарға құптаған сұр бақ қалар,
Сосын кәрі қарағай жасы жеткен.
Шымылдығы бақыттың ашылмаған,
Менің жырым жүректі жылыта алмай,
Ләззатын қара түн жасырмаған
Мен жүремін бір жанды ұмыта алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмыта алмай бір жанды өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Ұмыта алмай бір жанды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмыта алмай бір жанды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмыта алмай бір жанды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері