Ойын-сауыққа – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Ойын-сауыққа» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2393
Сауыққой салқылар көп cap табанда,
Ойын бар іздегенге әр қадамда.
Болмаса Қуаң жері деген аты,
Жайлауға жұртқа жайлы Арқадан да.
Кетеді қойдай қаптап көп жерді алып,
Ойыннан бозбалалар тарқағанда.
Келіншек құмай көзді қыздары көп,
Бағулы жігіті паң марқадан да.
Ысқақты Шахар атты шайыры бар,
Құтылар қамал тартқан алқадан да.
Өзгелер құлаш ұрып, күш еткенмен,
Екеуі мыңнан озар малтағанда.
Осындай сауық-сайран тұруға айтып,
Болғай да қай уақытта халық аманда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері