Қадамың құтты болсын, Кеңес аға – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Қадамың құтты болсын, Кеңес аға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2477
Қадамың құтты болсын, Кеңес аға,
Ренжу ешкім саған емес аға.
Тең тұрып таразыдай тәрбие еттің,
"Ауыштың", - дұшпаның да демес аға.
Осынша еліңе еткен еңбегіңді,
Үкімет есіне алар, жемес аға!
Қаранды көрсе, күліп, қуанады,
Жүдеу мен жетім-жесір, бала-шаға.
Көркейіп күннен-күнге, есін жиып,
Енді олар шығуға тұр тамашаға.
Қасқырдан қорықпайтын болды қойшы,
Шыққанмен қой-қозысы оңашаға.
Халқың тұр қалайда да тілегіңде,
"Тұяғы тимегей, - деп, - томашаға".
1918.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадамың құтты болсын, Кеңес аға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Қадамың құтты болсын, Кеңес аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қадамың құтты болсын, Кеңес аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қадамың құтты болсын, Кеңес аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері