Талай рет жанбай жатып, сөнгенбіз

Бұл бетте «Талай рет жанбай жатып, сөнгенбіз» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Талай рет жанбай жатып, сөнгенбіз,
Боқтаса да, таптаса да, көнгенбіз.
Бір жақсылық болар-ау деп сенгенбіз,
Ел рухын аршып алып көрден біз,
Күл – қоқысқа қайта апарып көмгенбіз.
Жамалмаса елдің осы жыртығы,
Өкінішке айналады бір күні.
Бізге қарай кезеліп тұр бұл күнде,
Қасіреттің мергенінің мылтығы.
Қазақ қазақ болар еді, шіркін-ай,
Тойымсыздың тығындалса құлқыны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері