Өлең, жыр, ақындар

Кісі бола қалғаным жоқ мен демде...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3224
Кісі бола қалғаным жоқ мен демде,
Өз ойымнан өзім талай айныдым.
Шын айтсаң да сын айтуға келгенде
Керек екен парасаттың байлығы.
Кей сәттері қамалып кеп шіркін ой
Жаңсақ алған адымыңды айыптар.
Су бетінде жүзіп көрші... күлкі ғой,
Ескегің жоқ, таяуың жоқ, қайық бар.
Сол қайықтай шыр-көбелек айналып,
Иге көніп, иірімге бір шығып,
Бұралқы жел кетеді деп қайда алып,
Жағалауға қарап қоям күрсініп.
Кейде аяқты нықтап келіп тіреймін,
Кейде алысқа үрейімді ап жан ұшып.
Судың бетін алақанмен күреймін,
Толқындардың сақалына жабысып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сені ұйқас өрмегелі түнделетіп

  • 0
  • 0

Сені ұйқас өрмегелі түнделетіп
Кетіпті-ау айлар бітіп, күндер өтіп.
Қызық сөз, қыңыр ойлар, болды кезің
Менің де ыңғайыма бір көнетін.

Толық

Экспромттар

  • 0
  • 0

Мыңқыл қақты-ау мынауың
жинақ болып шыққанда.
Тұмсығының тұмауы
өлеңіне жұққан ба?!

Толық

Қазық пен ағаш

  • 0
  • 0

Жалғыз ағаш,
бұтағы жоқ, жоқ түрі,
тегі ағаштан қырқылыпты демесең.
Бұзау байлап қоятұғын жеңешем —

Толық