Өлең, жыр, ақындар

Кәрі шың риза боп өзіне-өзі...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1719
Кәрі шың риза боп өзіне-өзі,
Құшақтап қиял, мұңды көз іледі.
Төсіне көтерілсе көлеңке-бұлт
Тау оны түс көрдім деп сезінеді.

Көңіл-ай, алданумен күн өткізген,
Кезінде көп сезімді дір еткізген.
(Қара тас үйретеді қайсарлыққа,
Қайсарлық қашып кетер жүрексізден)

Топырлап төмен қарай бұлақ-киік,
Табаны тасқа әр жерден бір-ақ тиіп,
Асығыс шыға келді ай далаға,
Аяғын әр бұтаның құлап сүйіп.

Дәм татып көп үміттен, аз арманнан,
Туған жер, ол да керім базарланған.
Мінгізді мың алғысын бір толқынға,
Шаңдағы кеудесінің тазарған жан.

Сұлу ед Алатаудың бұлты неткен!
Болса да менен жақын түн-түнекпен.
Қараймын қарбаласта қабағына
Өзім мен оған аян бір тілекпен.

Бұлттай боп, қалың ағаш тұр кеңесіп,
Ғажайып сыршылдықпен іргелесіп.
Төсінен көп шоқының қоналқы іздер
Көк бұлты жер бұлтымен бірге көшіп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің елім

  • 4
  • 12

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Толық

Отан

  • 0
  • 0

Бел балаң ем, есейін бір шынығып,
Заводтарда болат илеп, шыны үгіп.
Семіруге келгенім жоқ өмірге,
Аулақ жүріп, ауа жұтып, тынығып.

Толық

Түйсігі бар тастың да...

  • 0
  • 1

Түйсігі бар тастың да,
Тас та кейде жұлқынар...
Мына қабақ астында
Көшкен елдің жұрты бар.

Толық