Суыртпақ

Бұл бетте «Суыртпақ» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1362
...Маңдайы оның өткен өмір қолжазбасы – бәрі мұң,
Сол жазуға жетілік шам түсіретін жарығын.
Сөнер сәуле қалтылдайтын, қалтылдайтын әжем де,
Қалтылдаумен өткізіпті ол өмірінің жарымын.

Қатқан шерін жібітуге қоятын ол су ұрттап,
Су ұрттап ап әлсін-әлсін суыратын суыртпақ.
Ала шыттың жыртындысы ала жіптер туатын,
Бүкірейген саусақтардың сарқып барып қуатын.

Кәрі қабақ бір жадырап, бір жадырап бір сынып,
Кәрі кеуде тыныстайтын бір басылып, бір шығып.
Ала жіптер көбейетін, сол ала шыт шетінде
Отырғандай сезілетін тістескен бір тіршілік.

О, тіршілік... сол адамдар жүріп өткен жолдармен
Жүрем мен де бетімде әзір әжімім аз болғанмен.
Көңілімнен сол бір шыттай суыртпақтап тартам жыр,
Қарттық емес, сараңдықтан қалтыраған қолдармен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суыртпақ өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Суыртпақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Суыртпақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суыртпақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері