Көкжиекке қараймын

Бұл бетте «Көкжиекке қараймын» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2379
Көңіл шалқып кеткен шақта көкжиекке қараймын:
Батып жатыр, шығып жатыр талай күн.
Бір қуаныш болып тұрса – жарайды
Он бесінде әр айдың.
Жалақы алар күні сын-ды жарлының
Бір үмітпен өтіп жатыр бар күнім.
Ал, кей күнім түңілдіріп кетеді,
Қара жерге үңілдіріп кетеді.
Бір күн кетсе, бір күн жолда келеді
Бірақ бәрі тірлік нұрын себеді:
Қайнай-қайнай сірі болдым әйтеуір,
Ойлай-ойлай тірі болдым әйтеуір.
Болды күнім ашу менен ыза алған,
Қара бұлттың қабағынан қызарған.
Бір күн мені қартайтты деп айта алам,
Бір күн мені сәби қылды қайтадан.
Бір күн маған ұсынып ед қоңыр нан,
Бір күн оны қағып кетті қолымнан.
Бір күн маған құшақтатты қыр гүлін...
Бәрін қоссаң – шықты менің тірлігім!
Жаңа күннен не түсінер екем деп,
Көкірегімді бір ыстық ой мекендеп,
Көтерілем күнмен бірге тепеңдеп,
Көкжиекке күнмен бірге жетем деп....
Бірақ... бірақ келер күндер көп еді –
Бәрін де өзім қарсылағым келеді.
Кеткен күнмен қоштасамын қия алмай,
Келер күнді көру үшін ұялмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкжиекке қараймын өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Көкжиекке қараймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкжиекке қараймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкжиекке қараймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері