Қабағы таудың қатулы

Бұл бетте «Қабағы таудың қатулы» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қабағы таудың қатулы,
Қар жауа ма, қайтеді?!
Бұлақтар мұңға батулы,
Мұз тұра ма, қайтеді?!
Ай туыпты шалқалап,
Шатынап аяз болар ма?!
Тыныстай қапты шартарап,
Шарқ ұрып дауыл соғар ма?!
Жапсаң жап тауды, қыратты,
Жаусаң, жау, ақ қар, үш апта!
Бұйығып жатқан бұлақты
Бұрқана келіп құшақта.
Дала, орман тегіс ілбіпті,
Соқсаң соқ, дауыл, серпіл бір!
Мына бір бейқам тірлікті
Желпіндір, дауыл, желпіңдір.
Шалқадан туған Айды да
Орақ қып көкке шаншып қой.
Жол ашсаң мұңға, қайғыға
Тірлігің онда мансұқ қой.


Пікірлер (4)

Асел

Өте кушті өлең маған ұнады

Өте тамаша екен

Өте жақсы

Асель

Оте тамаша

Азамат

О зор

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабағы таудың қатулы өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Қабағы таудың қатулы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабағы таудың қатулы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабағы таудың қатулы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері