Аз-ақ уақыт бөлінген-ау өлуге

Бұл бетте «Аз-ақ уақыт бөлінген-ау өлуге» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2261
Аз-ақ уақыт бөлінген-ау өлуге,
өмірге көп;
айналмайды бал уға.
Сондықтан да асықпайды от сөнуге,
шикі тезек асықанмен жануға.
Күлімсіреп бата алады күн ғана,
ертең қайта шығады ғой себебі.
Қайта тумас тіршіліктер
сол үшін де қайғышылдау келеді.
Күздің күні қанша жарқырағанмен,
таңы - суыса
келер қысқа жоримыз ғой біз бәрін.
Сол секілді,
күлкілердің ар жағынан кей сәтте
сезіледі, ажал, сенің ызғарың.
Сондықтан да біздің тұрмыс түзелді,
дәрінің де, қарудың да бар түрі.
Ғұмырды тек ұзартамыз біз енді
ерте тұрып, кеш жатулар арқылы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аз-ақ уақыт бөлінген-ау өлуге өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Аз-ақ уақыт бөлінген-ау өлуге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аз-ақ уақыт бөлінген-ау өлуге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аз-ақ уақыт бөлінген-ау өлуге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері