Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 2003
Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда,
ой сиқы жоқ ойдың да: қиқым, майда.
Кімге обал, мен кімге сый істедім,—
түсінбедім, темекімді иіскедім.
Мақтағаны біреудің өп-өтірік,
ішіп алып біреудің тиіскені.
Жеткізбедің, қиял-ай, сұйығым-ай,
күйіп туар қиялшыл күйім ұдай.
Ойдың өзін күдіксіз бермей бір түн
дөңбекшітіп қойдың-ау, бүйі-құдай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері