Пушкинге – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Пушкинге» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1344
Аламға аты мәшһүр ай мен күндей,
Қадірлі, қымбат сөзі гауһар дүрдей.
Пушкиннің орыс, қазақ осы күні,
Рухын оятумен отыр бірдей.
Оларда аңлағанда арман бар ма,
Айтқаны үлгі, өнеге қалғандарға.
Қошемет қылады халық өзі түгел,
Суретін сұлу қылып салғандарға.
Болғанмен өлгеніне оның жүз жыл,
Болып тұр жазды күнгі жайнаған гүл.
Жұмып көз, жер астында жатқанменен,
Оларды түпкілікті тірі деп біл.
Өлген сол - соң жағында сөз қалмаған,
Сөзіне халық құмартып қозғалмаған.
Қалса сөз қатарынан қалмау артық,
Болғанмен бұл дүниеге көз қанбаған.

1935.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пушкинге өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Пушкинге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пушкинге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пушкинге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері