Болыңдар сау-саламат үй мен ішім

Бұл бетте «Болыңдар сау-саламат үй мен ішім» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2854
Болыңдар сау-саламат үй мен ішім,
Туысқан тілектес бол үлкен - кішің.
"Болды, - деп, - бұл қалайша", — қапаланып,
Оңбасын ешбіріңнің бұған түсің.
Ашпастан ақиқатын аудандық сот,
"Қылды, - деп, - қалайда да қатаң қысым".
Өтініп, облсотқа арыз бердім,
"Жөнде, - деп, - жолдасыңның осы ісін".
Сол сөзім қабылданып қала қойса,
Ұстармын қуаныштың қолға құсын.
Бәрі де осылардың ұмытылып,
Жан болмас жарқын жүзді мендей мүсін.
Ақыры айналып кеп сондай болса,
Сөз қылып не қыламыз ендігісін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болыңдар сау-саламат үй мен ішім өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Болыңдар сау-саламат үй мен ішім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болыңдар сау-саламат үй мен ішім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болыңдар сау-саламат үй мен ішім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері