Егілсем елім елер ме – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Егілсем елім елер ме» атты Анар Шамшадинова жазған отан туралы өлең берілген.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1429
Егілсем елім елер ме,
Жеңілсем жерім жебер ме?
О, Алла, қалай адастым,
Айырмай ақ пен қара істі?
Жыласам жасым жетер ме,
Құласам қыршын кетем бе?
Мұңыма орап тәнімді,
Жұбатам қайтіп жанымды?
Көктемім қашан жетеді?
Гүлдерге толып етегі.
Күз болып жүрем қашанғы,
Сағынышпенен жасанды.
Мен кешкен сезім өткенде,
Бақытым қалды көк белде.
Қоймады кеше түгімді,
Тірлігім құрсын бүгінгі!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері