Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ –
Анар Шамшадинова
Бұл бетте «Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақ
Өзім деген өлең үміт тым жырақ.
Әйнегімде қырау биін қалдырған
Бүгін маған жалғыздығым құндырақ.
Сен келмейсің. Жеткізді оны суық жел,
Суық желмен жалғыздықты қуып бер.
Тоңғаным ба, құшағыңды аңсадым,
Ақ мамық қар мұңдарымды жуып көр.
Аспан алыс, одан сәлем мамық қар,
Қайың, терек күтулерден жалыққан.
Сені неге сонша сүйген екенмін?!
Дауа болмай дәрігер мен тәуіптен.
Жазға жетпей, күзге кетпей мұңдандым,
Енді қашан дауысыңды тыңдармын?!
Ақ болсаң да, бақ таппадым жалғыз қап,
Кешір ақ қыс, жесір бақсыз жындандым.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі