Сенсіз қалып жабықтым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1423
Сенсіз қалып жабықтым,
Қараңғы боп жарық күн.
Ертегіге сол кез айналды ма?
Бар бағым – сен,
Ардағым ең –
Зарықтым,
Қадіріңді сан ұқтым.
Саған ғашық жүрекке,
Сағыныш от тірек пе?
Жүрегімде мың жыр дір еткенде,
Жыладым сан,
Құрадым бал арманды
Қиялдаудан талмадым
Әр сәт сайын сен деп жанып.
Бірге жүрген күндерім,
Білмей күлген мұң лебін.
Қайдасың сол түндерім?
О, тек сені
Күтем бақта күздегі,
Үміт сақтап үзбедім,
Бәлкім кештеу іздедім,
О, кеш мені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенсіз қалып жабықтым өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сенсіз қалып жабықтым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сенсіз қалып жабықтым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенсіз қалып жабықтым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері