Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1496
Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай,
Ерінім жанып, елестеп жүзің қардай.
Бал түндердің базары тарқағасын,
Жаз жабырқау болғанда күзім сондай.
Бірге жүрген күндерім қалды қараң,
Демің өртеп тұла-бой балбыраған.
Қалай бәрін ұмытып кеттің екен?
Тән тәнті боп, көркіңе жан құлаған.
Бірге оянған таңдарым болмағандай,
Не естелік қалды екен қолда қандай?
Жарықтан да жасырып сүйетін ең,
Құшағыңнан жібермей қорғағандай.
Желді құшам, ауада лебің бардай,
Болмысымды баурап ед демің балдай.
Енді отырмын құдаймен келісе алмай,
Жалғыздықтан құтқарар емің қандай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері